2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VI шешімі
(2021.12.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021.09.02. № 3/15-VІI шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.29.04. № 6/30-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.12.07. № 9/43-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 95 584 109 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 13 298 758 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 465 711 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 256 300 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 66 563 340 мың теңге;
2) шығындар - 114 334 713 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 24 870 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 24 870 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - -18 775 474 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 18 775 474 мың теңге:
қарыздар түсімі - 30 901 840 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13 828 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 701 634 мың теңге.